Раиым Жолдаспекұлы Нұрғалиев 1969 жылы 20 маусымда Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары, 1993 жылы Семей педагогикалық институтын "математика және физика мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы М. Әуезов атындағы "Семей" университеті "экономика бакалавры" бойынша тәмамдады. 2019 жылы-Қазақ гуманитарлық –заң инновациялық университетін аяқтап,  "Іскерлік әкімшілік магистрі" дәрежесін алды.

 

Еңбек жолын 1993 жылы Жарма ауданы, Георгиевка ауылында математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2005 жылдың шілде айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылындағы К.Шакенов атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылдың қараша айынан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін ШҚО ББ "Сервис колледжі" КМҚК директоры лауазымын атқарды. ШҚО ББ "Бесқарағай колледжі" КММ директоры болып 2016 жылдың қазан айында тағайындалды.

 

Марапаттары: ҚР мәслихатына 20 жыл төсбелгісі, ҚР БҒМ "Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі.

 

Қабылдау күні: дүйсенбі және бейсенбі сағат: 14-00-ден 17-00 дейін.


Телефон: 8 (72236) 9-11-03.

 

Электронды пошта:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз